№113 Қаракөл орта мектебінің 5 сыныбында "Жыл басы-Наурыз" тақырыбында наурызнама өткізілді.
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу. Ертеңгілік барысында оқушылар наурыздағы салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар жайлы білімдерін ортаға салды. Ата-аналар бата беріп, оқушылардың өнерін тамашалады.