№ 113 Қаракөл орта мектебінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара жоспарына сәйкес 9-сынып ер балалары арасында “Жас сарбаз” атты әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар “Жас қыран” және “Айбын” атты топқа бөлініп, Саптық дайындық, Газтұмырылдырықты кию, Оқжатар жарақтау, Нысана көздеу, Жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету сайыстары бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысымен “Жас қыран” командасы жеңімпаз атанды.