№113 Қаракөл орта мектебінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс - шара жоспарына сәйкес Ұлы Отан соғысының майдангері әрі ақын Қошманов Омар атамыздың ұрпағы Қошманова Жамал апаймен кездесу кеші болды. Ақынның өмірбаянымен өлеңдері оқушыларға таныстырылды. Жамал апай өзінің жазған өлеңдерін оқушыларға оқып берді. Оқушылар сұрақтарын қойып, ақын жайлы көптеген мағлұмат алды.