№113 Қаракөл орта мектебінде 03.06.2025жылы мектебіміздегі жазғы "БОЛАШАҚ" пікірсайыс клубының 9-10 сынып арасында "Мұражайға саяхат - рухани жаңғыру жолы " атты іс- шарамыз өтілді. Мұражай жетекшісі Ж. Ерімбетова оқушыларды мұражаймен таныстырды. Мұражай - халқымыздың өткені мен бүгіні, рухани мұрасын, мәдени байлығын және тарихи жолын паш ететін киелі орын. Мұражайдың басты мақсаты - ұлттың рухани байлығын сақтау, болашақ ұрпаққа насихаттау және жастардың тарихи санасын қалыптастыру. Мұнда қойылған әрбір экспонат - тек жәдігер емес, ол - ұлттың жан дүниесі мен тағдырын бейнелейтін асыл мұра. Біздің мұражай - тек көру орны ғана емес, ой түйіп, ауылымыздың тарихы мен рухани байып қайтатын қасиетті орта. Қадам басқан әр оқушы - тарихпен жүздесіп, өткенге тағзым етеді. Дебат жетекшісі: Е.Үсембаева