05 маусым күні №113 Қаракөл орта мектебінің жанынан құрылған “ Балауса” күндізгі тынығу лагерінің бүлдіршіндері Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің «№10 Өрт сөндіру» бөліміне барды. Өрт сөндірушілердің қызметі, құрал~жабдықтары, жалпы жұмысымен таныс болды.
Өрт сөндірушілер балаларға мекеме ғимаратын аралатып, заманауи құтқару техникалары мен құтқару жабдықтарын тамашалатты.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіп, балаларға мектепте және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.
Өрт шыққан мезгілде 112 шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөмірі,
101 өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажеттілігінің маңыздылығын айтып өтті.
Мекеме қызметкерлері ауданның өрт сөндіру қызметінің тарихына тоқталып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби жұмыстарында орын алған қызықты оқиғаларымен де бөлісті.