№ 113 Қаракөл орта мектебінде аудандық білім бөлімінің басшысы Г.М.Абдазиева "Менің Отаным- Қазақстан" атты 2025-2026 оқу жылының алғашқы сынып сағатын 11- сыныпқа өткізді. Мақсаты : жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Сабақ барысында сынып оқушыларын топқа бөліп, видео көрсетіліп, оқушылармен пікір алмасып, постер қорғады. Сынып сағатын Е.Қасанғалиевтің " Атамекен" әні мен қорытындылап, 11- сынып оқушыларына сәттілік тілеп, грант иегерлері атануына үміт білдірді.