Қармақшы ауданы
№ 113 Қаракөл орта мектебінде «Мектеп Парламенті» жобасы аясында «Мектеп Президенті» сайлауы өткізілді.
Сайлау ережесіне сәйкес кандидаттыққа ұсынылған 5 үміткер өз бағдарламаларын 7-11 сынып оқушылары арасында таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
5 үміткер «Мектеп президентінің» сайлауына сайлауға түсті.
Сайлау қорытындысы бойынша сайлауда 60 оқушы дауыс берді.
Мектеп президенті сайлауына қатысқан үміткерлер:
Әнуарбек Ислам 10 сынып оқушысы
Тұрақов Ерсұлтан 10 сынып оқушысы
Тайжанова Асылзат 10 сынып оқушысы
Қалдыбек Ернар 9 сынып оқушысы
Оразбай Айым 9 сынып оқушысы
Үміткерлер арасынан 25 дауыс жинаған мектебіміздің 10 сынып оқушысы Тұрақов Ерсұлтан «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІН» қайта жасақтап,«Мектеп Президенті» болып ұлықтау іс-шарасына қатысып, ант берді.
Президент болу үлкен жауапкершілік, осы жауапкершілікті абыроймен алып шығып мектебіміздің атын тек биіктерден көрсетеді деген үлкен сенімдеміз!