№113 Қаракөл орта мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын болды. Мерекелік шараға 1-11 сынып оқушылары,ата-аналар,ардагер ұстаздар қатысты.Мектеп директоры Ж.Ш.Демеубаева құттықтау сөз сөйлеп 1 сынып оқушыларының алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.Оқушылар тақпақ,ән айтып,би биледі.Алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы құтты болсын!