Баршаңызды бірлік пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын
Наурыз мейрамы – халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін, көктем мен жаңа күннің мерекесі.
Табиғат-Ана жаңаратын, тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңғыратын, жер-дүние бусанып, күн мен түн теңелетін тағылымы мол Наурыз мерекесі – жаңару мен жаңғырудың, келісім мен татулықтың нышаны.
Ұлыстың ұлы күні елімізге тыныштық, жаңа жетістік, молшылық пен татулық, шаттық пен қуаныш әкелсін!
Ұлыс оң болсы! Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!