№113 Қаракөл орта мектеп жанынан ұйымдастырылған "Балауса" күндізгі тынығу лагерінде "Ұлттық ойындар күні" өткізілді.
Бұл күнгі мақсат – жас ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын таныстырып, оларды құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ептілікке және батылдыққа тәрбиелеу болды.
Лагерь қатысушылары , асық ату, бес тас сынды ұлттық ойындарға белсене қатысып, тамаша көңіл күймен бір күндерін қызықты өткізді.