Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№113 Қаракөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 120503, Қармақшы ауылы, Е.Жанәлиев көшесі №2, эл.пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Тел.факс: 8(72437)26-2-63
2025-2026 оқу жылына конкурстық негізіндегі бос орынға конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Бейінді бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметі 1 бірлік тұрақты;
Кондидатқа қойылатын талаптар Бейінді бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасарына: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
2. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
4. Осы Қағидалардың көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2025 жылғы 17 қыркүйек сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№113 Қаракөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қағаз түрінде қабылданады.
Конкурс №113 Қаракөл орта мектебінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы №113 Қаракөл орта мектебінен алуға болады. Тел. 8(72437) 26-2-63, эл.пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша
конкурс жариялаған мемлекеттік орган ________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)), ЖСН ________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________ _______________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені ______________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)
______________________
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі кезде_____________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
Оқу орнының атауы
Оқу кезеңі
Диплом бойынша мамандығы
Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):
______________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы
Педагогикалық
Мемлекеттік қызмет өтілі
Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: _________________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ______________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін _________________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)
"_"____20_жыл _____ /қолы/
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
12-қосымша
Нысан
Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидаттың бағалау парағы ______________________ (Т.А.Ә. (бар болса))
№
Өлшемшарттар
Растайтын құжат
Балл сандары
(1-ден 30-ға дейін)
1.
Білім деңгейі
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері
Техникалық және кәсіптік - 1 балл
Жоғары - 2 балл
Жоғары үздік - 3 балл
2.
Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат
PhD докторы - 15 балл
Ғылым докторы, Ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл
Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл
3.
Біліктілік санаты
Куәлік, басқа құжат
Педагог- 2 балл
Педагог-модератор - 3 балл
Педагог-сарапшы - 5 балл
Педагог-зерттеуші - 7 балл
Педагог-шебер - 10 балл
Басшының үшінші біліктілік санатындағы орынбасары - 5 балл
Басшының екінші біліктілік санатындағы орынбасары - 6 балл
Басшының бірінші біліктілік санатындағы орынбасары - 7 балл
4.
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжат
Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 2 балл
Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл - 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 4 жылдан көп - 5 балл
5.
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат
Ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан)
Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл
6.*
Соңғы 3 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері
- олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары;
1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары - 0,5 балл
облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
- олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары
2) ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 0,5 балл,
облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
3) "Үздік педагог" конкурсына қатысушы - 1 балл;
4) "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы - 5 балл.
7.
Қоғамдық-педагогикалық қызметі
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат (бұрыңғы жұмыс)
Тәлімгер - 0,5 балл;
Әдістемелік бірлестігінің басшысы - 2 балл;
8**.
Курсқа дайындық
- пәндік даярлық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST;
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
"CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
"TKT
Teaching Knowledge Test"
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
"TESOL"
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry"
Барлығы:
* 6-тармақта жеңімпаздар санына қарамастан, соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл;
республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 3 балл.
** 8-тармақта соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке).