«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№113 Қаракөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес, конкурстық негізінде уақытша химия пәні мұғалімі бос орынға бір ғана үміткер құжаттарын тапсырды. Конкурстық комиссия отырысы өткізіліп, нәтижесінде қабылданған өтініштің ішінен талапқа сай конкурс жеңімпазы деп Дәулетшеева Динара Оразбайқызы танылды.