№113 Қаракөл орта мектебінде 12 күн "Ұлттық ақпараттық науқан аясында 3-14 маусым аралығында 9 сынып оқушыларынан "Көркейту - көгалдандыру" жасағы құрылып, 14 оқушы қамтылды. Оқушыларға мектеп айналасында және аяқ су арықтарындағы арам шөптерін шабу жұмыстары мен талдарды суару тапсырылды. Балалар жасағына жауапты қоғамдық жетекшілер мен сынып жетекшілер барлық қауіпсіздік шараларын назарға алды. Аталған шара балаларды еңбекке баулып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. "Бір тал кессең, он тал ек" қағидатын оқушы санасына сіңіру.