Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында №113 Қаракөл орта мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа №10 Әкімшілік аумақтық УПИ-ры полиция майоры Б.А.Байтабынов қатысып ақпараттық-танымдық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің, жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын-алу, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, оқушылар мен жасөспірімдер арасында топтық төбелесті болдырмау, нашақорлықтың алдын алу, 23:00 уақытында көшеде жүрмеу бағытында ақпараттар берілді.