№113 Қаракөл орта мектебінде 08.05.2025ж. "Ер есімі-ел есінде" тақырыбында майдангер-ардагер ұстаз Баекеев Шамшат Томанұлына арналған ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға құрметті қонақтар, ардагер ұстаздар, мектепті 50 жыл бұрын бітірген түлектер, яғни 1958 жылы дүниеге келген аға-апаларымыз ауыл орталығындағы Ұлы отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған “Белгісіз Солдат” ескерткішіне “Жас қыран” үйірмесінің мүшелерімен тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады.