№113 Қаракөл орта мектебінде
"Біртұтас тәрбие үштағаны-Әділетті Қазақстан, Адал азамат, Озық ойлы ұлт" тақырыбында жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:тәрбие моделін түсіндіре отырып, бала тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігін арттыру, ата- ана, мектеп, бала үштік одақ жұмысын одан әрі жетілдіріп, жандандыру.
Ата-ана жиналысын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Таңбай ашып, жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жиналыс барысында " Біртұтас тәрбие" моделінің биылғы жылғы ерекшеліктері түсіндіріліп, мектептің ішкі ережелері таныстырылып, өмір қауіпсіздігі туралы айтылды.