Қаракөл орта мектебінде 7-сынып ата-аналарымен жиналыс болып өтті. Оқушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі, тәртібі, формасы, кітап тазалығы т. б. мәселелері қамтылды. Ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, мектеппен, пән мұғалімдерімен жиі байланыс жасап тұру керектігін тілге тиек етті. Сынып жетекшісі А.Жүсіпбекова оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында ата-аналардың сабаққа жиі қатысып, мектеппен тығыз байланыс орнатылу қажет екенін айтты.